Мақпал Тәжмағамбетова: «Ел азаматтарының сайлауға бір кісідей қатысуы маңызды»

Dalanews 23 желт. 2020 16:00 445

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиалына Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер, ақын, Қазақстанның «Жүз жаңа есімінің» бірі – Мақпал Тәжмағамбетова арнайы келіп, халықпен жүздесті.  

Кездесуге «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының төрағасы Жандос Теңелбаев, партиялық тізімдегі кандидаттар Фархат Құсаинов және «Жастар» ресурстық орталығының жетекшісі Нұржан Рахметқазинов қатысты.

Басқосуда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы талқыланып, саяси ұйымның басты құжатын халыққа түсіндіру мәселесі сөз болды.

Жиында үміткер-кандидаттар мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі бірінші кезекте жастардың қолында екендігін атап өтті.

Партияның сайлауалды бағдарламасы жайында кеңінен ой толғаған Мақпал Масаққызы алдағы жылдың басында өтетін сайлауға ел азаматтары бір кісідей қатысып, өз таңдауын жасау керек екенін айтты.

Әр азамат қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосу керек, яғни кез келген істі өзінің қара басы үшін емес, халық епн болашақтың қамы үшін жасауы тиіс. Сол кезде мемлекетіміз көркейіп, нығая түстетіні белгілі.

Үміткер-кандидаттар «Nur Otan» партиясының Қаратал аудандық филиалынан шыққаннан кейін Қаратал ауданының «Құрметті азаматы», Кемел Тоқаев атындағы мектептің қайырымдылық қорының төрайымы Валентина Спиридонова мен Қаратал аудандық ардагерлер үйінің төрағасының орынбасары Шара Каймульдина шаңырақтарына барып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, өздерінің тұғырнамасындағы маңызды жобаларын ортаға салды. Сондай-ақ, сайлаушылардың сұрақтары мен тілектерін тыңдап, ұсыныстарын назарға алды.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Қаратал ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x