Бәйдібек ауданында мәслихат депутаттығына үміткерлер газ мәселесін көтерді

Dalanews 20 желт. 2020 14:19 291

Nur Otan партиясы атынан Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерболат Мырзабеков пен Нұрғали Айтбеков сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қызу жалғастыруда.

Депутаттыққа үміткерлер Қазата, Таңатар ауылы тұрғындарымен кездесіп, халлыққа партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен таныстырды.

Таңатар елді мекеніндегі газ кіргізу, спорттық кешенін салу және басқа да шешуін таппай жатқан түйіткілді мәселелерімен танысып, ұсыныс-тілектерін тыңдап, тізімін жасады. Алдағы уақытта бұл мәселелердің шешімін табуына ықпалын тигізетіндерін айтты.

Кездесу соңында тұрғындар толық, бірауыздан Nur Otan партиясын қолдап, дауыс беруге баратындықтарын уәде берді.


Бәйдібек ауданы бойынша 52 елді мекеннің 4 елді мекені газбен толық қамтамасыз етілген. 16 елді мекенде газ жүйелерінің құрылыстары аяқталса, 1 елді мекеннің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

2025 жылға дейін табиғи газбен қамтамасыз ету үлесін 2021 жылы 44,2%-дан 88.5%-ға арттыру көзделді. Бұл үшін Nur Otan партиясы 2023 жылы Қазатаға, 2025 жылы Таңатар елді мекендеріне табиғи газбен қамтамасыз етуге ықпал жасауға уәде берді. Партия белсенділерінің басы мақсаты – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Бәйдібек ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x