Құрманғазы ауданында ауылішілік жаңа жолдар салынуда

Dalanews 20 желт. 2020 13:06 248

Биыл Құрманғазы ауданының Котяевка, Бірлік, Теңіз ауылдарына кірме және ауылішілік автомобиль  жолдары салынып, пайдалануға берілді.

Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты. Әкімнің айтуынша, әлі бірнеше ауылда кірме және ауылішілік автомобиль жолдары салыну үстінде.

– Қазіргі уақытта Сафон, Ақкөл ауылдарының кірме және ауылішілік автомобиль жолдары салынуда. Бұл жұмыстар 2021 жылы аяқталады   деп күтілуде.  Бұдан бөлек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы негізінде Нұржау ауылының кірме және ауылішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.  Жол құрылысының аяқталу мерзімі – 2021 жыл, –  деді Құрманғазы ауданы әкімі Қайрат Нұртаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x