Шымкент. Nur Otan кандидаттары «Жұлдыз» тұрғын алабының халқымен жүздесті

Dalanews 19 желт. 2020 10:17 216

Бүгін Шымкент қаласының маслихат депутаттығына үміткерлер Михаил Кан, Альбина Ельчиева және Әсет Шағдат «Жұлдыз» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Келелі кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, жұлдыздықтардың түйткілді мәселері назарға алынды.

Жиында мәлім болғандай  тұрғындарды көгілдір отынның тым төмен қысымынан тұрғын үйлердің мүлдем жылымайтыны алаңдатады екен.

Халықтың мұң-мұқтажына құлақ түрген үміткерлер тұрғындардың өтініш пен ұсыныстарын жазып алып, жергілікті атқарушы органдар мен партияға жеткізетінін айтты.

Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Шымкент  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x