Шолаққорғанда «Nur Otan» партиясының кандидаттары ауыл тұрғындарымен кездесті

Dalanews 19 желт. 2020 05:09 153

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу жоспарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт шеңберінде 2020 жылғы 17 желтоқсанда Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде жергілікті тұрғындардың «Nur Otan» партиясынан партиялық тізім бойынша ұсынылған бітқатар кандидаттармен кездесуі өтті.

Кездесуге қатысқан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар  Р.Жақсыбергенов, Б.Нұрланов және С.Мәлікайдаров сөз сөйледі.

Басқосуға қатысқан ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырылып, саяси ұйымның халықтың әл-ауқатын жақсарту және ел экономикасын нығайту жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты. Еліміздегі жетекші «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Созақ ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x