Маңғыстауда кандидаттар ел арасында

Dalanews 17 желт. 2020 15:50 272

10 қаңтар күні өтетін сайлау алдыңғы үгіт-насихат жұмыстарында нұраотандықтар белсенді. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында халықты партияның маңызды жұмыстарымен таныстыру бағытында онлайн, жанды кездесулер, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыру әдістермен қатар тұрғындардың үйлеріне бару акциясын жүзеге асыруда.

ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутатына үміткерлер, олардың сенімді өкілдері, ерікті жастар үй-үйді аралап тұрғындармен жанды форматта кездесулер өткізді. Үнпарақтар таратып, сауалдарын, ұсыныстарын негізге алып келеді. Алдағы партияның жұмыс жасау бағытына енгізеді, халық үнін жергілікті билік өкілдеріне, Үкіметке жеткізеді.

«Есіктен есікке» акциясы аясында бүгін облыс бойынша кандидаттар күндегідей өте белсенді жұмыс атқаруда. Маңғыстау облысының қалалары мен аудан орталықтары,  ауыл тұрғындарының шаңырақтарында болып, үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Карантин кезінде Nur Otan партиясының бастауыш партия ұйымдарының белсенділері халықпен бірге болып, Елбасы бастамасымен халыққа көмек көрсеткен болатын.

Кездесуде саяси ұйымның 5 жылдық жұмыс жоспары таныстырылып, жұмыссыздық мәселесін азайту, кәсіпкерлерді қолдау, тұрақты жұмыс орындарын көбейту, баспана мәселесі, білім мен медицина саласын жетілдіру, барлық саланы цифрландыру, туризмді дамыту бойынша жоспарларын жеткізді. Өз кезегінде маңғыстаулық партия белсенділері халықты мазалаған мәселелерді де қойын дәптерлеріне түртіп алды.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x