«Taxi Jetisy Media» акциясы Тәуелсіздікті ұлықтады

Dalanews 16 желт. 2020 08:46 363

Тәуелсіздік күніне орай Талдықорғанда «Taxi Jetisy Media» акциясы басталды. Акцияның ұйымдастырушылар inDriver қосымшасы арқылы  келіп түскен шақыртуларға барып, жолаушыларға 16 желтоқсан мерекесіне қатысты сұрақтар қойды.                                               

Акция барысында такси қызметіне жүгінушілердің саны 20-дан асып, барлық жолаушылар қызықты викторинаға қуана қатысты.

Викториналыұ сұрақтарда мемлекеттік елтаңбаның жүрегі, тудағы бақыт пен байлықтың бейнесі, ҚР рәміздері күні қашан тойланады, ұлттық валюта қашан енгізілді деген сұрақтарға көпшілік м.дірмей жауап берген.

Үш сұраққа дұрыс жауап берген қатысушылар келісілген жерге тегін жеткізілді. Сонымен қатар, барлық жолаушыларға Тәуелсіздік күніне арналған сыйлықтар таратылды.

Жолаушылар арасында еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бар. Олардың барлығы негізінен қойылған сұрақтарға нақты жауап берді. Осылайша, қала тұрғындары өз Отанының тарихын қаншалықты білетіндерін көрсетті.

– Өте қызықты викторина. Ұйымдастырушыларға рахмет. Барлық сұрақтарға жауап бердім, ең қызықтысы Қайрат Рысқұлбеков туралы болды, өйткені менің әкемнің аты Қайрат, ал тегі Рысқұлбеков оңай жауап бердім, Қазақстан тарихын да жақсы білемін, өйткені дәл осы желтоқсаншылар  тәуелсіздіктің бастауында тұрды, – деді Санжар Рысқұлбеков.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x