Түлкібас. Nur Otan партиясының үміткер-кандидаты мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

Dalanews 16 желт. 2020 06:56 144

Бүгін еліміздің Тәуелсіздік мерекесі күні Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ақсұлу Күзембаева мүмкіндігі шектеулі жандармен және ҮЕҰ өкілдерімен үгіт-насихат жұмыстары бойынша кездесуін өткізді.

Кездесу мүмкіндігі шектеулі азаматтарды күнделікті өмірінде кездесетін мәселелер сөз болды. Бұдан басқа «Nur Otan» партияcы бойынша мәслихат депутаттығына үміткер ханым ҮЕҰ өкілдерінің жұмыстары бойынша ой бөлісіп, көкейде жүрген ойларын ортаға салды.

Өз кезегінде Ақсұлу Шаменқызы «Nur Otan» партияcы Түлкібас аудандық филиалының алдағы уақытта жүзеге асатын Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, көпшілікті қойған сұрақтарына жауап берді.

Ақсұлу Күзембаева 26.05.1963 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген білікті маман. Ол 30 жылдан астам медицина саласына өзінің елеулі үлесін қосып келеді. 2019 жылы Денсаулық сақтау министірлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі ушін» медалімен марапатталған.

Іс-шара барысында Ақсұлу Шаменқызы аудандағы денсаулық сақтау саласының дамуы, ауылдағы халықтың салауатты өмір салтын ұстануының маңызы және аурудың алдын алу жұмыстарын күшейтудің қажеттілігі жайында әңгіме өрбітіп, ойын ортаға салды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x