Жарма ауданы. «Nur Otan» белсенділері сайлауда жеңіске жетуге бар күшін жұмсайды

Dalanews 11 желт. 2020 06:52 145

Бүгін «Nur Otan» партиясы Жарма филиалының кеңсесінде сайлауалды штабының тұсаукесері болып өтті. Оған аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар, сайлауалды штаб мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясының алға қойған негізгі міндеттері – партияны сайлау науқанында қолдау, «Nur Otan» аймақтағы активтерін кеңейту және партияның стратегиясын жүзеге асыруда партия жақтастарын біріктіру бойынша жұмыс жүргізу болып табылады.

Тұсаукесер барысында штаб басшысы, партияның Жарма аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бердібек Оразғалиев сайлауалды жарыс кезеңіндегі штабтың жұмыс жоспарын жариялады. Жұмыс жоспарына жауаптылар мен басқа салаларға жауапты адамдар таныстырылды.

– Үміткерлердің сайлаушылармен, кәсіпорындармен, мекемелердің ұжымдарымен, тұрғындардың әр түрлі санаттарымен кездесулері, қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметі, бастауыш партия ұйымының жастар қанатының іс-шаралары – бұл жұмыс жоғары деңгейде өтуі керек. Бұл үшін біз барлық күш пен мүмкіндікті қолдануымыз қажет, – деп қорытындылады штаб басшысы.


Үгіт-насихат штабының мүшелері, партия белсенділері А.Рахымбаев, Қ.Түлеубаева үгіт-насихат жұмыстарын ойдағыдай өткізуге, «Nur Otan» партиясының алдағы сайлауда үлкен жеңіске жетуіне күш салатындықтарын жеткізіп, партия мүшелеріне сәттілік тіледі. Осылайша қоғамдық штаб сайлауалды науқанына тыңғылықты кірісіп кетті.



Мақала ақысын Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Сайлау қорының қаражатынан төледі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x