Тұрғысын ГЭС-і жұмысшыларының айлық жалақысын толықтай төледі

Dalanews 26 қар. 2020 14:05 150

Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғысын ГЭС-і жұмысшыларының айлық жалақысын, зейнетақы және әлеуметтік төлемдерін толықтай төледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.  

Өндірістік нысанның басшылары жалақының кешігуіне объективті себептер бар екенін атап өтті.  Ең басты себеп – коронавирустық пандемияға байланысты нысан жұмысын уақытша тоқтатылған болатын. Өйткені гидроэлектростанцияны іске қосу үшін мамандар дер кезінде жете алмаған.  Бүгінде инвестор мердігер мекемелер алдындағы барлық берешегін толық өтеді. Өз кезегінде мердігерлер қызметкерлерге айлығын төлеген. Соңғы екі айда пайда болған сұрақтар болмаса жағдай соншалықты ушықпаған. Төлемдер ішінара жүргізілген.

– Қазірден бастап 161 адам жалақы ала бастады, – деп атап өтті ШҚО облыстық еңбек инспекциясының басшысы Бақытбек Қизатов. – Бұл мәселе біздің бақылауымызда. Біздің сот орындаушымыз стратегиялық нысанға барып, жалақы төлеуді ғана емес, сонымен қатар зейнетақы мен әлеуметтік аударымдарды да қадағалауда. Біз Тұрғысын ГЭС-інде не болып жатқанын толық бақылап отырамыз, иә, шын мәнінде проблемалар болды, бірақ қазір бәрі қалпына келуде, – деді Бақытбек Қизатов.


Тұрғысын ГЭС-і өңірдегі баламалы энергетиканың маңызды жобаларының бірі. Бүгінде облыс билігі жағдайды нақты бақылап, оны қалыпқа келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.

Бүгінде алғашқы қадамдар жасалынып, қызметкерлер еңбекақысына толықтай қол жеткізді. Болашақта барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп,  мұндай проблемаларға жол берілмейді.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы мердігерлерді оған қоса барлық төлемдер мен аударымдардың уақытында берілуін қадағалайтын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x