Алматы облысында карантин жалғасуда

Dalanews 24 қар. 2020 19:53 208

Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантинді жалғастыру және кейбір шектеу шараларын енгізу туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA».

Қаулыға сәйкес, 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілері, атап айтқанда: мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, фудкорттар, асханалар  мен барлардың қызметі тоқтатылған. Облыс бойынша ойын-сауық нысандары оның ішінде түнгі клубтар, кальян барлары, көрмелер, букмекерлік, бильярд, караоке, PS-клубтар, квесттар, антикафе, боулинг-орталықтар, лото-клубтар, компьютерлік клубтар, сауда нысандарындағы балалардың ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар, аттракциондар, сондай-ақ кинотеатрлар жұмысы да тоқтап тұр.

Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменты басышысының орынбасары Асхат Чарапиевтің сөзінше, ойын мекемелері, оның ішінде ойынхана, ұтыс алуды көздейтін құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстардың да кәсібіне қатаң тиым салынған.

Ал аталған карантиндік және шектеу шараларын бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде дереу шаралар қабылданатынын да еске сала кетті. Ол үшін қоғамдық орындарды патрульдеу бойынша шараларды күшейту, бұқаралық іс-шараларды өткізуді болдырмау, әсіресе қоғамдық тамақтану объектілеріне ерекше назар аударып, бақылауда ұстау көзделген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x