Ахметов: "Жұмыспен қамту? Биыл 21 мың адам екі қолға бір күрек тапты"

Dalanews 20 қар. 2020 09:08 237

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы – Шығыс Қазақстанда дағдарысқа қарсы сәтті жүзеге асырылған маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.




Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты биыл еңбек нарығында еңбекке қабілетті халықтың, әсіресе жастардың артықшылығы байқалды. Бұл ретте халықты жұмыспен және тұрақты жалақымен қамтамасыз ету үшін елімізде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов, өңірде ЖҚЖК бойынша 77,4 млрд. теңгенің 819 әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобасы әзірленіп, 21 мың жұмыс орны ашылғанын атап өтті.

– 479 әлеуметтік нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 266 жоба білім беру, 30 денсаулық сақтау, 76 мәдениет, 43 спорт, 66 жоба әлеуметтік қамтамасыз ету саласы бойынша. 87 шақырым су құбыры желісі, 238 шақырым жол мен көше жөнделді, 79 аула абаттандырылды, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Семейдегі перинаталдық орталықта, Аягөз, Глубокое, Жарма және Ұлан аудандарындағы аудандық ауруханаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Қазіргі уақытта Шемонайха қаласында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, Семейдегі онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығының, сондай-ақ екі пәтерлі 37 үйдің құрылысы аяқталуда.

Өскемен қаласы мен Үржар ауданының әуежайларын қайта жаңарту, Онкология және хирургия орталығының операциялық блогын жаңғырту, Семей мен Өскеменде тұрғын үй құрылысы жүргізілетін аудандарда инженерлік инфрақұрылым жүргізу жұмыстары басталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x