Ұйғыр ауданында азаматтық бірегейлікті насихаттаған шара өтті

Dalanews 27 қаз. 2020 05:55 202

Таяуда Алматы облысы Ұйғыр ауданында «Этнос жастары арасында азаматтық бірегейлік пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» атты жастар патриоттық акциясы өтті. Жетісу жастарына бойына отаншылдық сезімін дарытуда азаматтық бірегейлік құндылықтарын дәріптеудің маңызы зор. Бүгінде мемлекеттіміздің ұлттық саясатының ең басты бағыт-бағдары – ұлттық және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру болып табылады. Ал оған алып баратын төте жол – мемлекеттің жан-жақты ойастырылған этносаясаты мен қоғамды демократияландыру процесіндегі жетістіктері екені сөзсіз.

Елбасы Нұрұслтан Назарбаев  «Қазақстан, сөздің толық мағанасында, көпұлтты мемлекет екенін ұмытуға болмайды. Бұл жария етілген тұжырым емес, бұл – шындық... Қазақстан әрқашан да көпэтносты мемлекет болады және ешкім, ешқашан қандайда бірұлттық тазартуды жүргізбейді, біздің көпэтностығымыз – орасан зор мәдени, экономикалық және саяси ресурс», сондықтан біз осы қарапайым екі ақиқатты ұғынып, келесі ұрпаққа жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев ұлт мәселесін шешуде көп еңбекті және тынымсыз жұмысты талап ететін, бірақ соның ішіндегі ең сенімді жолын таңдады,

Ұйғыр ауданында өткен маңызды шарарны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мақсат Мадамилов ашты. Акция барысында «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ директорының орынбасары Жандос Байқамитов, әлеуметтік бастамалар мен медиацияны қолдау қызметінің жетекшісі Алия Шагиахмет, Панфилов аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Даурен Байтылечов сөз сөйледі. Өз кезегінде Мақсат Мадамилов:


– Біздің бүгін ұйымдастырп отырған шарамыздың басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тəрбиелеу керектігі күн өткен сайын маңызды болып отыр. Осы мақсатта тұлғаның бойында патриоттық құндылықтарды дамыту арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мəн беруімiзге өмірдің өзі талап етуде. Ұлттық патриотизмнің негіздері Қазақстан Республикасының тарихи сананы қалыптастыруға арналған құжаттарында қарастырылған, – деді аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекшісі.

Аталған іс-шараның көрермендері мен қонақтарға концерттік бағдарлама, спорттық ойындар ұсынылды.

Жастар патриоттық акциясы барысында үш секция бойынша семинар-тренинг өтті. Бірінші секцияда кәсіби медиатор Бақыт Чынгаева сөз сөйлеп, медиация саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті.

– Медиация даулы мәселелерді сотқа жеткізбей балама тәсілмен шешуге мүмкіндік береді. Соңғы жылдары біздің қоғамда медиация ұғымы азаматтық құқықтық қарым-қатынас кеңістігінде көп қолданып, тілдік қорымызда жиі пайдалана бастадық. «Медиация» термині латынның «mediare» орта сызық немесе делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Бұл – үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Қазақы түсінікке сәйкестіндірсек екі жаққа да ортақ, дау-дамайда айтысушыларды мəмілеге келтіру арқылы тең шешім қабылдаудың ара ағайындығы, – деп ойын ортаға салды.

Екінші секцияда әлеуметтік желілердегі діннің рөлі туралы Айдос Игембай айтты, ал үшінші секцияда Шыңғыс Кенжеғұлов кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Акция соңында қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x