Баталов: "Білім саласы? Дәл қазір 32 мектеп салынып жатыр"

Dalanews 04 қар. 2020 09:58 217

Алматы облысында биылғы жылы 32 білім мекемесінің құрылысы жүруде, соның 23-і мектеп, оның 17-сі үш ауысымды болдырмау мақсатында салынуда.




Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтанда өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Жетісу өңірінде балаларды мектепке тасымалдайтын көліктерді жаңартуға бір млрд. теңге бөлініп, жаңа әрі жайлы 70 автобус сатып алынған.


Мектеп жанындағы әжетханалардың мәселесі толық шешіліп, 348 нысан жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге жөндеуден өтті.

Спикер сондай-ақ Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері үшін 280 және Қаратал ауданында колледжге арналған 50 орындық жаңа жатақханалар салынғанын, жыл соңына дейін Талдықорғанда тағы 480 орынға лайықталған екі жатақхана пайдалануға берілетінін атап өтті.

Сол сияқты білім беру саласында оқушылар мен колледж студенттерін қашықтан оқыту үшін барлық жағдай жасалғанын айтты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x