Текеліде сервистік әкімдік ашылды

Dalanews 27 қаз. 2020 03:38 193

Жетісу – адалдық алаңы жобасы аясында Текелі қаласы әкімдігінің ғимаратында "сервистік әкімдіктің" ашылуы өтті. Орталықтың ашылуын қала әкімі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев жүргізді.

"Сервистік әкімдік" мемлекеттік органдардың Open-space форматындағы жұмысының тиімді үйлесімі болып табылады, оның ажырамас бөлігі қызметкерлердің клиентке бағдарлануына және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға негізделген қызмет көрсетудің жоғары сапасы болып табылады.

Аталған орталықта 58 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Сервистік әкімнің тағы бір артықшылығы – Мемлекеттік қызметтерді қалалар мен аудандардың әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздемей-ақ, бір ғимаратта алу мүмкіндігі.

Сервистік әкімдік ашылғаннан кейін қонақтар орталықты аралап, қызметкерлермен әңгімелесті. Бірегей алаң "бір терезе" режимінде азаматтар үшін қызметтердің кең кешенін көрсетуді көздейді. Орталық күту үшін қолайлы аймақтармен, техникалық жабдықталған жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген, ақпараттық стендтер орнатылған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.

Сондай-ақ орталықта ана мен бала бөлмесі және түрлі форматтағы білім беру және іскерлік іс-шараларды өткізуге арналған кең конференц-зал жұмыс істейді.

Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін қысқарту және оны жалпы жұртшылықтың қабылдамауын қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру және "сервистік әкімдік" жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Жетісу-адалдық алаңы" кеңсесі жұмыс істейді.

Сервистік әкімдікте жұмыспен қамту, жер қатынастары, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары 6 бөлім Мемлекеттік қызмет көрсететін болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x