Back
| DalaNews

Жерұйық мекен Жетісу – береке-бірлік ұя салған өңірге айналды

Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылдан астам тарихында еліміздегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді өркендетуге жол ашқан орган ретінде танылды. Иә, уақыт сынын сүрінбей өтіп, абырой биігінен көріну оңай емес. Бірақ ел бірілігін бәрінен де жоғары қойған елімізді мекендеген өзге ұлт өкілдері Ассамблеяның айналасына топтасып, тоқсаныншы жылдардың тоқырау кезеңінде ортақ шаңырағымызды шайқалтпай, ел дамуы үшін аянбай тер төккенін білеміз. Бүгінде сол еткен еңбектің есесі қайтып, еліміз әлем қызығатын мемлекеттердің қатарынан орын алып отыр. Жалпы Қазақстанды береке-бірліктің алтын бесігіне айналдыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облыстық филиаланың алатын орыны ерекше. Жетісу жерін мекендеген өзге ұлт өкелдері де ұлатарлық татулықты сақтауға бар күш-жігерін жұмсап келеді.

Тәуелсіздік жылдары еліміздің айрандай ұйыған бірлігінің сақталуы бәрінен де маңызды еді. Осыны назарға алған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ жерін мекендейтін этностардың басын бір арнаға жинап, ортақ мақсатқа бағыттайтын Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Елбасының көрегенді шешімінің арқасында Ассамблея ел дамуына өлшеусіз үлес қосып, қазақ қоғамының ажырамас бөлшегіне айналды. Ассамблеяның жұмысы жайында сөз қозғағанда атқарылған жұмысты бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес. Осы ретте бізде Алматы облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған жұмыстары жайында аз-кем сөз қылуды жөн санап отырмыз.

Қазақ халқы «Жетісу – жер жаннаты» деп бекер айтпаған ғой. Түгін тартсаң майы шығатын Жерұйық мекенге өзге ұлт өкілдерінің қоныстануы да ертеден бастау алады. Бұл ретте Жетісу жерінде ұйғырлар біраз уақыттан бері жергілікті қазақтармен бірге тату-тәтті өмір сүріп келе жатқаны айқын мысал болады. Ал қалған этностардың сталиндік қуғын-сүргін кезінде тағдыр тәлкегіне тап болып, осы жерге тұрақтағанын бәріміз білеміз.

Қазіргі таңда Алматы облысының аумағында 100-ден астам этностың өкілдері ынтымақты жағдайда өмір сүріп жатыр. Депортация кезінде келіп, Жетісу жерінен тиянақ тапқан өзге ұлт өкілдерімен тілдесе қалсаңыз, олар сол бір сұлмат жылдары өздерінің ата-аналарын бауырмал қазақ халқының қалай құшақ жая қарсы алғанын айта жөнеледі. Сондықтан мұндағы өзге ұлт өкілдері жалпы Қазақ жері қайырымдылық пен бауырластық мәңгілікке ұя салған қасиетті мекен санайды десек артық айтқандық болмас еді. Бұл жайында қазақ халқымен бітеқайнасып кеткен Алматы облыстық коммуникациялар орталығының қызметкері Галина Митковских былай ой сабақтайды:

– Қасиетті Жетісу жерін мекендеген өзге ұлт өкілдерінің түсі, көзі әр алуан болғанымен, бәріміздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақстан. Бізді бір-бірімізге деген сыйластық, қамқорлық, ортақ қайғымыз жақындата түсетініне сенімдімін. Сол бір зұлмат жылдары қазақ халқы да қасірет пен қайғыны бір кісідей тартты. Бұл біздің ортақ қайғымыз. Қайғысы ортақ адамдардың қуанышы да ортақ. Еліміз тәуелсіздік алғанда бәріміз қуанып, алдағы уақытта қуанышты күндеріміз көп болатынына сеніммен қарадық. Жүздеген қазақстандықтардың сенімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шындыққа айналдырып, қазіргі таңда Қазақстанды достық пен ұлтаралық келісімнің алтын бесігіне айналдырды. Сол себепті біздер Қазақ жерін мекендеген барша ұлт өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдырып, жаймашуақ жағдайда ғұмыр кешуіне мүмкіндік туғызғаны үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа әрқашанда алғыс айтамыз, – деп ағынан жарылды.

Иә, Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 25 жылдық тарихында еліміздегі татулық пен қоғамдық келісімнің қорғаушысы екенін сан мәрте дәлелдеді.

Қазіргі таңда Алматы облысында Ассамблеяның 60 мыңннан астам мүшесінің басын 71 этномәдени орталық біріктіріп отыр. Жетісу жеріндегі өзге ұлт өкілдері этномәдени орталықтардың маңайына топтасып, өздерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытып отыр. Сонымен қатар Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бөлімшесінің жанында өңірдегі жетекші журналистердің клубы жұмыс істейді. Клубқа мүше майталман журналистер Ассамблея жұмысын жан-жақты насихаттап, түрлі материалдар мен сюжеттер дайындайтынын айта кетуіміз керек. Бұдан басқа облыстық Ассамблея жанынан ұлтарлық татулық мәселелеріне терең талдау жасайтын сарапшылар тобы да жұмыс істейтінін айта кетуіміз керек. Ассамблеяның бұл бағыттағы жұмыстарына өңірдегі белсенді журналист, «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалима Идигова жетекшілік жасап, сарапшылық топтың жұмысын үйлестіріп отырғанын айта кетуіміз керек. Бұдан басқа өзге ұлт өкілдерінің жастары «Жаңғыру жолы» қозғалысының маңайына топтасып, жұмыс істеуде.

Бүгінде біздер бейбітшілік пен қоғамдық келісім салтанат құрған елде алаңсыз өмір сүрудеміз. Қазақстанда осындай жағдай қалыптастыру оңай болмағанын кез келген адам біледі. Тоқсаныншы жылдары Кеңес өкіметінен бөлініп шыққан бірқатар елдерде азаматтық қақтығыстар, ұлтараздық дүрдараздықтар пайда болғанын білеміз. Осы кезде Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында ынтымақ бірлігі жарасқан ел ретінде айналасындағы көршілеріне үлгі-өнеге көрсете білді.

Осы жайма-шуақ өміріміз түгесілмеуі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы сарапшылық топтың білікті мамандары жан-жақты зерттеу жұмыстар жүргізіп, көптеген келеңсіздіктердің алдын алуға жәрдемдесуде. Әдетте Ассамблея десе кейбіреулердің көз алдына түрлі ұлт өкілдерінің өздерінің ұлттық киімдерін киіп, ән салып, би билеп жатқанын елестеуі мүмкін. Иә, бұл сыртқы көрініс. Қазіргі таңда Ассамбеля өзекті мәселелердің алдын алып, еліміздегі татулыққа қауіп төндіретін жайттарды күнібұрын анықтайтын талдау орталығына айналды десек артық айтқандық болмас еді. Керек десеңіз, қазір Ассамблея еліміздеің гуманитарлық бағыттағы жұмыстарын жүйелеп, ел азаматтарын ортақ мақсатқа жұмылдыратын ұйымға айналып отыр.

Қазіргі таңда Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері халықтың әл-ауқатының артуына барынша көмегін тигізіп отыр. Осы ретте Жетісу жерінде Ассамблея үлкен масштабтағы іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Сөзіміз дәлелді болуы үшін осы ретте Ассамблея белсенділерінің мұрындық болуымен өткен маңызды бірқатар іс-шараларды атай кеткенді жөн санап отырмыз.

| DalaNewsБұл ретте «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» аясында Жетісудың түкпір-түкпіріне ұйымдастырған ғылымды танымдық экспедициясын айрықша атап айтуға болады. Осыдан бірнеше жыл бұрын ұйымдастырылған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы Алматы облысында Ынтымақ шеруі ұйымдастырылып, Алматы мен Жамбыл облыстары Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылықтары ортақ іс-шара ұйымдастырған болатын.  Ынтымақ шеруінің басты мақсаты – халқымыздың бірлігін, қоғамдық және этносаралық татулық пен мәдениетті нығайту, аймақтық ассамблеялар арасындағы байланыстарды өркендету болған еді. Жобаны жүзеге асыру барысында алға қойылған мақсаттарға толықтай қол жеткізілді.

Ынтымақ шеруі барысында Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясынан келген делегация мүшелері «Көне Тараз тарихи-мәдени» орталығы мен өңірлік сәні мен сәулеті үйлескен «Достық үйі» ғимаратында экскурсия жасап, тарихтан сыр шертер тың дүниелермен танысқан болатын. Бұдан басқа Алматы мен Жамбыл облысының өнерпаздары концерт қойып, айтулы шарада «Талдықорған  әуендері» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының әншілері, «Болашақ» вокалдық триосы өз өнерлерін көрсеткені есімізде.

Бұдан басқа «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу», «Қымыз мұрындық», «Туған жер», «Бірлік» сынды облыстық Ассамблеяның белсенділері ұйымдастырып, ұлтаралық татулықты нығайту жолында қыруар жұмыстар атқарғанын атап айтуға болады.

Сонымен қатар Алматы облысындағы этномәдени бірлестіктер де түрлі іс-шараларға ұйытқы болып, Ассамблеяның жергілікті жердегі жұмыстарына жан бітіріп отыр. Айталық, облыстағы әзірбайжан этномәдени орталығы «Елорда – мемлекеттік тілдің сүйеніші» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырса, еврейлердің «Авив» бірлестігі мен өзбек этномәдени бірлестігі «Қарттарым – асыл қазынам», «Елорда – достықтың шаңырағы» деген тақырыпта жиындар ұйымдастырып, мемлекеттік саясатты нығайтуға өз үлестерін қосқанын айта кетуіміз керек.

Осы ретте Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ тілін үйретуге айрықша мән беріп отыр. Қазақ тілін үйрету, ұйымның маңызды жұмыстарының біріне айналған. Ассамблея жанындағы Тіл үйрету орталғы 2008 жылдан бері үзіліссіз жұмыс істеп келеді. Орталықта жыл сайтын 40-тан астам өзге ұлт өкілдері тіл сындырып, қазақ тілін үйреніп жүр.

Арыстағы оқыс жағдай кезінде, одан кейін Өзбекстанда су қоймасы жарылып, Жетісайдағы біраз ауылдарды қызыл су басқанда Алматы облысындағы Ассамблея белсенділері қарап қалған жоқ. Төтенше жағдай орын алған аумаққа гуманитарлық көмектер жіберіп, ел басына күн туған кезде, оны бірлесіп жеңудің жарқын үлгісін көрсетті. Бұдан бас пандемия кезінде де Жетісудың Ассамблея белсенділері қайырымдылық шараларынан тыс қаламай, белсенді әрекет етіп, өңірде індеттің бетін қайтаруға бір кісідей атсалысқан болатын. Осылайша, өзге ұлт өкілдері жергілікті халықпен тату-тәтті ғұмыр кешіп, қуаныш пен қайғыны бөлісіп келеді.

Думан Бықай