Лепсі ауылының әкімі есеп берді

Dalanews 16 қаз. 2020 06:19 338

«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы «Адал көмек» жобасы аясында ұйымдастырылған баспасөз-мәслихаты Лепсі ауылдық округінің әкімі Самат Көпшікбаевпен өткізілді, — деп хабарлайды Jetisy media ақпараттық алаңы.

Округте өткен 2020 жылдың 9 айы бойынша барлық негізгі бағыттар бойынша экономикалық өсу қарқыны сақталған.

Биылғы жылдың 9 айында округ әкімінің атына жеке және заңды тұлғалардан 24 жазбаша өтініш түсіп, қанағаттандырылған.

Тұрғындарға барлығы 144 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

– Округ халқы негізінен егін және мал шаруашылығымен айналысады. Жалпы округте 52 шаруа қожалығы, 1 ЖШС, 1 наубайхана бар. Осы жылы 2140 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары себілді. Ал, мал шаруашылығына келсек, округте 1315 бас ірі қара, оның ішінде 852 бас сиыр, 2838 бас қой-ешкі, 421 бас жылқы және 7840 бас құс бар. Қысқы мал азығын дайындау жұмыстары толығымен аяқталды, – дейді Лепсі ауылдық округінің әкімі.

Ағымдағы жылы округте жаңа 9 тұрақты, 25 уақытша жұмыс орындары ашылған.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында округке қарасты Байзерек ауылдық негізгі орта мектебінің ішкі дәретханаларына 1млн 600 мың теңге қаражатқа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Көгалдандыру-абаттандыру жұмыстары бойынша ауылда 20 түп қарағай ағаштары отырғызылған. Алдағы уақытта тағы 50 түп отырғызу жоспарлануда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x