Даниал Ахметов: «Праймериз еліміздің саяси жүйесіне серпін береді»

Dalanews 18 там. 2020 18:01 219

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзінің Facebook  әлеуметтік желідегі парақшасында праймериздің басталуына байланысты аймақ халқына үндеу жасап, «Nur Otan» партиясының қолға алған бұл шарасы еліміздің саяси жүйесіне тың серпін беретінін алға тартты.

– 17 тамызда елімізде алғаш рет «Nur Otan» партиясының праймеризі басталды. Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған бұл тарихи маңызды шешім отандық саяси жүйенің дамуына жаңа серпін береді. Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің даму тарихында алғаш рет праймериз жалпыреспубликалық ауқымда өтеді. Басты мақсат – бәсекелестік күрес негізінде барлық деңгейдегі мәслихаттарда және ҚР Парламенті Мәжілісінде тиімді депутаттық корпус қалыптастыру үшін мықты көшбасшыларды анықтау, – деп жазды Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында.

Оның айтуынша, праймериз арқылы бәсекелі және ашық негізде партиялық тізімдер қалыптасатын болады. Барлық қалалар мен аудандардың партия мүшелері қоғамдық сенім мен қолдаудың жоғары деңгейіне ие ең беделді партия көшбасшыларын дербес анықтайды.

«Nur Otan» – бұл өзгерістердің негізі бола алатын жалғыз саяси партия. Партия – жаңа кезеңге орай үнемі жаңарып отыратын кәсіби басқарушылар тобы. Құрметті жерлестер, мен сіздерді «Nur Otan» партиясының праймеризіне белсенді қатысуға шақырамын!» деді облыс әкімі өз жазбасында. ⠀

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x