23 жыл бұрын жазылған ән Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында орындалды

Dalanews 10 там. 2020 16:52 175

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай,  «Достар дауысы» ерлер вокалдық тобы «Кемеңгер» әнін орындап, Ұлы ақынға құрмет көрсетті.

«Достар дауысы» ерлер вокальдық тобы Тарбағатай ауданындағы танамал топ. Әншілер тобында Болат Жолдыбаев, Қайдар Жүнісов, Айдар Аусарбаев, Төлеген Қалимажан, Бақытбек Әрінбеков, Мейрамбек Кәменжанов, Төлеубек Ажахметов, Рашит Абдулин және Айдын Хасеновтар бар.

– Бұл бейнебаянды кеше Ақжардың Өскеменге қарай шығатын бағытында, 5 шақырымдық жердегі қырда түсірдік. Операторы Қайрат Кіпішов. Студия жетекшісі Төлеубек Ажахметов. 1997 жылы ауылдағы Абай атындағы орта мектептің директоры едім. Сол кезде мектептің 70 жылдығына орай арнайы тапсырыспен жаздырып, мәдениет үйінде өткен мерейтойлық концертте хор шырқаған. Ән сөзінің авторы – ақын Хамит Балшабеков, ал әуенін Қанапия Қайырбаев жазған, – дейді «Достар дауысы» ерлер вокалдық тобының мүшесі Төлеген Қалимажанов.

Осылайша 23 жыл бұрын жазылған ән Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Достар дауысы» ерлер вокальдық тобының орындауында тағы бір мәрте шырқалды. «Достар дауысы» ерлер вокальдық тобының негізін 1980 жылы Қанапия Қайырбаев, Кеңес Байтоғасов, Болат Жолдыбаев, Оралбек Аумәжиков қалаған. Бұл топ бүкілодақтық поляк әндері конкурсының жеңімпазы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x