Қапшағай қаласында 12 көше жөнделеді

Dalanews 17 қыр. 2020 12:20 184

Қапшағай қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жол құрылысы жөнделуде. Биыл жалпы ұзындығы 13 шақырымға жуық 12 көшенің жол құрылысы жөнделеді. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін бағдарлама аясында 851 миллион 602 мың теңге бөлінді.

Қапшағай қаласының әкімдігі хабарланғандай, бүгін «Атырауинжстрой ААЖ» мердігер ұйымы Шығыс шағын ауданындағы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын 13 көшені жөндеу жұмыстарын бастады. Сонымен бірге, Қыз Жібек көшесінің бойына бетон жол жабыны төселіп, қалған жолдарға асфальтбетон төсемі дайындалуда.

«Golden city DS» ЖШС-нің көмегімен Алматы көшесін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған көшенің бордюрлері және заманауи әйнектелген аялдамасы бар. Қазір жол белгілерін орнату және жаяу жүргіншілер өткелдерін белгілеу жұмыстары іске асырылуда.

Заречное және Шеңгелді ауылдарындағы 10 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізіліуде. Мердігер – «MAXDORSTROYSERVIS-21» ЖШС. Шеңгелді ауылдық округіне қарасты Қосқұдық ауылындағы ұзындығы 0,760 шақырымдық Алтынсарин көшесі, ұзындығы 0,970 шақырымдық Кебұлақ ауылындағы орталық аллея, Шеңгелді ауылындағы 0,7 шақырымдық Жамбыл, 0,150 шақырым Қожахан баба көшелерінің және Ақөзек ауылындағы 0,740 шақырым Төле би көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Заречное ауылдық округіндегі 0,411 шақырым Тәуелсіздік, 0,356 шақырым Желтоқсан, 0,225 шақырым Садовая, 0.506 шақырым Төле би көшелері жөнделді.

Айта кетейік, Қапшағай қаласында биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы ұзындығы 12 км 510 метр болатын 12 көше жөнделеді. Жалпы, осы бағдарлама аясында 19 жобаны іске асыруға Қапшағай өңіріне 1,7 миллиард теңге қаржы қарастырылған.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 288 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның 143 жұмыс орны қалалық жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда 150-ге жуық адам жұмыспен қамтылды. Бұл жоспардың 102,8%-ын құрайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x