Алматы облысында 82 тауарлы-сүт фермасы табысты жұмыс істеуде

Dalanews 16 қыр. 2020 07:12 251

Бүгінде Алматы облысында сыйымдылығы 25,7 мың бас болатын 82 сүт фермасы жұмыс істеуде. Жыл басынан бері Қаратал, Іле, Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарында сыйымдылығы 2400 бас болатын 6 тауарлы-сүт фермасы іске қосылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін облыста сыйымдылығы 2 мың басқа арналған 6 тауарлы-сүт фермасын пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 8 айдың қорытындысы бойынша облыста 547,5 мың тонна сүт өндірілді. Оның 89,0 мың тонна сүті тауарлы-сүт фермасына тиесілі.



Өткен жылы облыста 788,2 мың тонна сүт өндірілгенін, оның ішінде 87,2 мың тоннасы тауарлы-сүт фермаларында өндірілгенін атап өткен жөн. 2020 жылға арналған сүт өндіру жоспары 816,7 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тауарлы-сүт фермаларының үлесі  92,0 мың тонна.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x