Түркістан облысында қоғамдық көліктерге рейдтік шаралар өтті

Dalanews 25 там. 2020 10:00 266

Бүгін Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыстық көліктік бақылау инспекциясының, облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілдерімен бірге Ынтымақ елді мекенінде (Кентау қ.) заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.

Нәтижесінде, заңсыз тасымалдаумен айналысқан қоғамдық көліктерге Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне» сәйкес, 11 әкімшілік хаттама толтырылды. Мұндай рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғастырылатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x