Абайдың 20 өлеңін жатқа айтатын бес жасар Бота

Dalanews 24 там. 2020 10:28 219

Семейлік бес жасар Талғат Бота Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа айтып, әндерін орындауда. «Болашаққа бағыт», «Әсемпаз болма әрнеге», «Өнерге қанат қаққандар» сияқты республикалық байқауларда мәнерлеп оқудан жеңімпаз атанып, көрермен ықыласына бөленуде.

Ботаның ата-анасының айтуынша талабы жоғары жас зерек үш жасынан бастап бірнеше шумақты өлеңдерді жаттап, көркем әдебиетке ынтасы жоғары.



– Балам алғаш Абай ескерткішін көргенде Ұлы ақынның кім болғанын, халықтың құрметіне неліктен ерекше бөленгені туралы сұрап, қызықты. Ол кісі де мен сияқты өлеңдерді жатқа айтты ма? деп өзімен бірге ұқсастық іздеді. Бүгінде ақынның жиырмадан астам өлеңдерін жатқа айтып, әндерін орындайды. Күнде бір өлеңін жаттап алады, - дейді жас өнерпаздың анасы Мейірім.

Жас таланттың алға қойған мақсат-арманы да көп. Сахна төрінде ән айтатын әнші, ата-анасын емдейтін дәрігер де болғысы келеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x