ШҚО-да жұмыспен қамту бағдарламалары аясында 17,9 мың жұмыс орыны құрылды

Dalanews 28 шіл. 2020 05:55 368

Шығыс Қазақстан облысында халықты жұмыспен қамту ісі «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағадарламасы аясында жүзеге асуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Таяуда ғана баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, облыс аумағында халықты жұмыспен қамту ісі қалай іске асып жатқанын жіліктеп айтып берген ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов өңірде 13,9 мың тұрғыны «Еңбек» бағдарламасына қатысып, жұмыспен қамтылғанын жария еткен-ді.

Бүгінде еңбек нарығына қажетті маман дайындау бойынша ШҚО-ғы 48 колледждің базасында 3807 студентті сұрансқа ие мамандықтарды оқту көзделініп отыр. 1 қыркүйекте қосымша тағы 1730 адам кәсіптік білім беру мекемелерінде біліктілігін шыңдап, жаңа мамандықтарды игере бастайды.


Облыста кәсіпкерлікті жаппай дамыту мақсатында мемлекеттік бюджет есебінен 534 жобаға 2,2 млрд теңге бөлінген болатын. Бұдан басқа азаматтардың бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін 473 грантқа 263 млн теңге бағытталғанын айта кетуіміз керек. Осылайша облыста шағын бизнеспен айналысуға ниеттенген азаматтарға қаржылай қолдау барынша көрсетілуде. .

– Қазіргі таңда облыстағы жұмыспен қамту шаралары 5959 адамға пайдасын тигізіп үлгерді. Тарқатып айтсақ, 612 адам – субсидияланған әлеуметтік жұмыс орындармен қамтылса, 331 адам – жастар парактикасынан өтуде. Ал 5016 адам – түрлі қоғамдық жұмыстарға тартылып, еңбек етуде, – дейді Досхан Қайырғазинов.

Шығыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында 817 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асыру көзделген. Осы жобалардың арқасында 20 мың жұмыс орыны құрылуы тиіс. Оның 18,9 мыңы уақытша жұмыстар болса, 1 150 тұрақты жұмыс орындары екенін айта кетуіміз керек.


Қазіргі таңда 17,9 мың жұмыс орыны құрылған, оның 9,6 мың жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа жіберілгенін айта кетуіміз керек.. Алдағы уақытта халықты жұмыспен қамту жұмыстары жалғасын табатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x