Шығысқазақстандық дәрігер халықты індетте сақтануға шақырды

Dalanews 28 шіл. 2020 05:16 239

Шығысқазақстандық КВИ бойынша инфекциялық бөлімнің жетекшісі білікті инфекционист-дәрігер Мирхат Увазыров пандемия кезіндегі өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, жұртты денсаулығын күтуге шақырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Пандемиямен күрес кезінде халыққа қызмет көрсеткен білікті инфекционист-дәрігер көпшілікке індеттен сақтанудың жолдарын айтты. Қазіргі таңда ол тәулік бойы індет жұқтырған адамдарға медициналық қызмет көрсетіп, көмек қолын созуда. «Қазіргі таңда індетке шалдығып, қоңырау шалып көмек сұраған адамдардың қарасы көп. Жұмыс өте ауыр. Бүгінде хирург, невропатолог, эндокринолог дәрігерлер қашықтан жұмыс істеп, халықты емдеп жатыр. Пандемия олардың осылай жұмыс істеуге мәжбүрлеуде» дейді  Мирхат Увазыров.

Әңгіме барысында коронавирус індетін жұқытырып, арнайы емханаларда ем алып жатқан науқастармен жұмыс істейтін дәрігер, вирусқа шалдыққан адамдарды емдеу тәсілдері жайында айтып берді.

– Жақында бізге өкпесінің сатурациясы 52% жұмыс істеуін тоқтатқан науқас келіп түсті. Егер оның өкпесін жауалаған пневмония тағы да 10-12%-ға ұлғайып, екі-үш сағатқа емханаға кешіктіріп әкелегенде науқастың өміріне араша түсу қиын соғар еді. Бұдан кейін біздер пациентке қажетті процедураларды тағайындап, емдеу шараларын жасадық. Қазіргі таңда тиісті ем-шаралардың арқасында науқастың өкепесінің сатурациясы 95%-ға жетіп, қалыпта жағдайға келді. Осы жайттан қажетті ем-шараларды дер кезінде жүргізгенде вирусқа шалдыққан адамдардың өмірін арашалап қалуға болатынын байқауға болады, – дейді Мирхата Увазырова.


Өз кезегінде инфекционист-дәрігер Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына вирус жұқтырып алудан сақ болуға шақырды.

– Бұл инфекция күнұзақ жатып, отырып жұмыс істейтін адамдарды аямайды. Егер дене қозғалысымен жиі айналысып, күніне бір мәрте жүгіріп, спортпен айналысатын адамдар індет жұқтырса, олар үшін инфекция жеңіл өтеді. Сондықтан спортпен айналысып, иммунитетті көтерудің маңызы зор. Бұдан басқа адам көп жиналатын жерлерге бармаңыздар. Әсіресе созылмалы аурулары бар азаматтар өздерін барынша күтуі керек. Демікпе аурыулары бар адамдар өздерін барынша оқшаулап, жұрт көп жиналатын жерге мүлде бармағаны жөн. Өйткені өкпе аурулары бар адамдар бұл кесел өте ауыр тиеді. Бүгінде коронавирустың шынменде қатерлі дерт екенін екенін көпшілік түсініп келеді, – деп дәрігер жұртты сақ болуға шақырды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x