Көкпектіде 40 үйдің құрылысы басталды

Dalanews 23 шіл. 2020 03:58 169

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Көкпекті ауылында 2 пәтерлі 20 тұрғын үй құрылысы басталды.




Жоба бойынша 20 қос пәтерлі жеке тұрғын үйдегі пәтерлердің жалпы ауданы - 100 шаршы метрді құрайды. 2020 жылы жарияланған конкурстық қорытындысы бойынша Өскемендегі "Дороги Востока" ЖШС жеңімпаз болып танылып, келісім шарт жасалды. Бүгінгі күні мердігер серіктестік жұмысты бастады.

Мұндағы 40 пәтер баспана кезегіне тұрған әлеуметтік жағдайы қолдауды қажет ететін отбасыларға беріледі.


Бұл үйлер пайдалануға берілгеннен кейін ауданда баспана кезегіне тұрғандар саны 40 пайызға азаяды.



Аудан әкімі А.Смаилов және ауданның ақсақалдары салынып жатқан үйдің құрылыс жобасымен танысып, алғашқы ірге тасын қалады. Аталмыш жоба бойынша ауданда болашақтада осындай үлкен жобалар іске асырылатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x