Шығысқазақстандықтар коронавирустың таралу қаупін түсінеді

Dalanews 15 шіл. 2020 07:25 190

Облыс тұрғындарының басым бөлігі қауіпті індеттен қалай қорғану керектігін біледі. Тұмау белгілері байқалса қайдан кеңес алып, емдеудің алғашқы жолдарынан да хабардар екен. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен құрылған ақпараттық түсіндіру тобы мәлімдеді.




Дәрігерлерден, партия өкілдері мен еріктілерден құрылған топ мүшелері бес мыңнан астам аймақ тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, өзекті сұрақтарға да жауап берді.

Сәуір айымен салыстырғанда, бүгінгі күні коронавирус індетінің таралуы мен оның аса қауіптілігіне тұрғындар толықтай көз жеткізгені байқалады. Тек бірнеше ауданда ғана әлі де бұл аурудың жоқ екенін растайтын азаматтар табылды. Ол  Жарма (200 адам "жоқ" деп жауап берді), Шемонаиха (69 адам) және Бесқарағай (46 адам) аудандарында теріс жауап бергендер басым болды.

Айта кетсек, аталмыш аудандарда індеттің таралу фактілері мен науқастар саны артып келеді.  Ал қала тұрғындары бұл індеттің қауіпті екенін толықтай түсінеді.


Қазір ақпараттық-түсіндіру тобының алдында бірнеше басты міндет тұр. Ол коронавирустың симптомдарын тапса не істеу керектігі туралы толық мәлімет беру, медицина қызметкерлерінің дистанциялық режимде қалай жұмыс істейтінін түсіндіру, өзін-өзі емдеу қаупі туралы ақпарат беру, дәрі-дәрмектерді ойланбай сатып алудың қажеті жоқ екеніне назар аудару.

Сауалнама көрсеткендей, адамдар емдеу алгоритмі туралы ақпаратпен толық қамтылмаған. Сауалнамаға қатысқандардың 4490-ы білсе,  900-ден астамы бейхабар. Осы ретте түсіндіру тобы барлық аудандарда өз жұмысын жалғастыратын болады. Өйткені көптеген емханалар мен дәрігерлер онлайн режиміне ауыстырылған, яғни тікелей кеңес алу мүмкіндігі жоқ.  Науқастар санын азайтып, індеттің таралуына тосқауыл қоюға бағытталған бұл жұмыс оперативті түрде барлық аудандарда жүргізілмек.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, облыс тұрғындары барлық санитарлық-эпидемиологиялық мен шектеу шараларын сақтайды, маскалар киеді, өздігінен оқшауланып, қажетсіз үйден шықпайды, дүкенге немесе дәріханаға бару кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтайды екен (4586 сақтайды, 398-жоқ).

Қауіпсіздік шараларын елемейтін қала тұрғындары іс жүзінде жоқ, өйткені адамдар коронавирустық инфекцияның таралу қаупі үлкен екенін түсінеді.


Сонымен қатар, сауалнама барысында шығысқазақстандықтар өздерін және жақындарын қалай қорғау керектігі туралы білетіндері анықталды.

Ақпараттық топ тұмау мен коронавирус белгілері туындаған кезде емдеудің шарттарымен түсіндіріп өтті. Жалпы, өңірде жұқпалы, керек дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ тыныс алу аппараттарының жетіспеушілігін болдырмау үшін барлық шаралар қабылданды. Алдағы уақытта топ жұмысы аудандарда да жалғасатын болады

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x