Кеген ауданында 15 отбасы үйлі болды

Dalanews 07 шіл. 2020 04:42 402

Кеген ауданында жақсылық көп. Елордамыздың күнінде аудан орталығынан "Нұрлы жер-2020" бағдарламасы аясында салынған 15 жалгерлік тұрғын үйдің кілті  кезекте тұрған отбасыларға салтанатты тұрде  тапсырылды.




Тұрғын үйлер негізінен әлеуметтік жағынан қолдауды қажет ететін отбасыларға, көп балалы жанұяларға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагер ана Рысалды Малдыбековаға берілді.



Осы күні аудандағы құқық саласының бір-бір қызметкері де үйлі болды. Қуанышқа аудан әкімі Талғат Байедилов қатысып, мереке күні баспаналы болған отбасыларына бар жақсылықты тіледі. Мұндай игілік алдағы уақытта да жалғасатынын айтты. Аудан орталығынан алдағы уақытта 36 тұрғын үй салынбақ.



Есте қалар сәтте тұрғын үйлерді салып, бітіруге үлкен үлестерін қосқан "СЕМ ШОҒЫ" құрылыс сервис" ЖШС-нің директоры Серік Жазықбаев сөз алып, аудан әкіміне естелік кілтті тапсырды. Тұрғын үй қуанышына кенелген Тимур Айтжанов осындай қолдау мен қамқорлық үшін мемлекет басшысына, облыс, аудан әкіміне жүрекжарды алғысын жеткізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x