Ахметов: "Аягөз бен Жарма ауданында шектеу шарасын күшейту керек"

Dalanews 06 шіл. 2020 14:36 241

ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі аудан, қала әкімдерінің, тиісті орган басшылары мен ауруханалардың бас дәрігерлерінің қатысуымен онлайн режимде жиналыс өткізді. Жиын барысында аймақ басшысы Аягөз, Жарма аудандарында шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. 

Ахметовтың айтуынша қазіргі таңда Семей, Өскемен қалаларынан бөлек, Аягөз және Жарма аудандарында COVID-19 вирусын жұқтырған тұрғындар саны күн санап артып, инфекцияның таралу аумағы кеңею үстінде.

Тек Аягөз қаласының өзінде 105 адам ауырса, жалпы аудан ішінде 161 науқас тіркелген. Ал Жарма ауданында қазіргі уақытта 98 адам вирус жұқтырған. Олардың 57-сі Қалбатау тұрғындары.



Күн сайын еселеніп отырған көрсеткіш жағдайдың ушығып, вирустың жедел тарап жатқанын айқындап отыр. Бір ғана маусым айының ішінде біздің облыста науқастар саны 5,3% немесе 700 адамға артты. Соңғы тәулікте вирус 96 адамда анықталып, облыстағы науқастар саны 2116 құрады.

Бүгін кезекті рет аудан, қала әкімдерінің, тиісті орган басшылары мен ауруханалардың бас дәрігерлерінің қатысуымен онлайн режимде жиналыс өткіздім. Оның барысында әрбір ауруханадағы жағдайды мұқият қараудамыз. Сондай-ақ, Аягөз, Жарма аудандарында шектеу шараларын күшейтуді тапсырдым.

Нақтырақ айтсақ, Аягөз, Шар қалалары мен Қалбатау кенттерінде қатаң талап енгізіледі.


Болып жатқан жағдайға тек қатаң шектеулер мен азаматтарды оқшаулау шаралары ғана түбегейлі шешім бермек. Семейде енгізілген шектер шаралары бүгінде өз нәтижесін беруде. Баяу болса да, кезеңімен қысқарып келеді. Сондықтан сіздерден барынша әлеуметтік қашықтықты сақтап, санитарлық талаптарды толық орындауды өтініп сұраймын.

Бұл ең бірінші, Сіздің, отбасыңыздың және жақын жандарыңыздың денсаулығы мен өмірі үшін қажет. Түсіністік танытуларыңызды сұраймын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x