Алматы облысының танымал азаматтары Елбасыны мерейтойымен құттықтады

Dalanews 06 шіл. 2020 07:24 248

 Алматы облысындағы бір қатар қоғамдық пікір көшбасшылары Елорда күнімен және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевті мерейтойымен құттықтап, Елбасына ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.

Олардың ішінде Алматы облыстық ардагерлер кеңесі алқасының төрағасы Ермек Келемсейіт те бар. Ол өз кезегінде " Ерке Есілдің жағасында бой көтерген бас қала баршаның таңданысын жасыруына мүмкіндік бермеген сәулеті келіскен шаһар. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы отанымыздың жүрегіне айналды.



Осындай көркем қаланың Сарыарқаның сайын даласынан орын тебуіне Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мұрындық болған еді. Туған еліміздің Астанасы етіп бекіткенде Нұр аға болатын. Бұл сол кездегі тарихи шешім екені даусыз. Талайлар тартыншақтағанымен тәуекелге бел байлайды. Онысы нәтижелі бола білді. Осыдан-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың табандылығы саясат сахнасындағы талай саңлақтардан оқ бойы озық тұратындығын, елі үшін дұрыс жол таңдап, оңтайлы шешім қабылдай алатынын аңғару қиын емес. Әлі тұсауы кесіліп, күрмеуі шешілмеген кешегі шағын мемлекетті әлемдік деңгейге жеткізуде Әбіштіңұлының еңбегі орасан зор. Біз ел тарихында сондай кемеңгер тұлғаның ұлттың көшін алға сүйрегеніне дән ризамыз, және де темірқазығынан ажырамаған халық ретінде бақыттымыз. Қос мереке елдің қуанышы, олай болса қуаныштарыңыз ұзақ та құтты болғай!"-деп ақжарма тілегін жеткізді.

Тұңғыш Президенттің еңбек жолындағы игі істері мен  ұлтының алдындағы перзенттік парызын адал атқарғандығы туралы Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев та ой толғады.



"Бүгін бар қазаққа ортақ той. Бірі, сәулетті Астанамыз араға жыл салып бір жасқа толықты, Екіншісі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының мерейлі мерейтойы. Алты алашымды атаулы күнмен құттықтаймын. Әр қашанда еңсеміз тік болсын. Ажарлы Астанамыз сынды әсем, Елбасы сияқты дара болуға лайықсыздар. Не себепті "дара" дерсіз. Өйткені, біздің тұңғыш Президент шыныменде саясат сахнасындағы дара тұлға. Бітімі бөлек жан. Оның Қазақстан жерлерін гүлдендіруге қосқан үлесі өлшеусіз. Әрине халқы қолдап тұрғанда тартынып қалау мүмкін емес. Қазақтың бағына жаратылған Тұңғыш Президент ұлтының бақ- мерейін асқақтату үшін барын салды. Елін ерек сүйген азаматтың қай ісі болмасын қазақ елін жаңа белеске көтеріп отырды. Мұнысы туған жері мен еліне деген шексіз махаббатының көрінісі еді. Ол өзі айтқандай ұлтының алдындағы перзенттік парызын қалтқысыз орындай алды. Сонысымен ел есінде, ұрпақ жадында игілік жолындағы ізгі істері мәңгі қалды"- деп ойын түйіндеді.

‌Ал, Қазақстан Халықтар ассамблеясының мүшесі, Руфина Қасысова болса, "Елбасы мен Астана егіз ұғым. Бірінен бірін ажыратып қарау мүмкін емес. Қос мақтанышымыздың мерейлі мерейтойы келіп жетті. Баршаңызды шын жүрегіммен құттықтаймын! Расымен де біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен және Елордамызды мақтан тұтамыз.

Олар қазақ жерінің бойтұмары іспетті. Өзге елдер Қазақстан дегенде бірден Астана мен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы жарыса айтады. Бұл да Нұрсұлтан Әбішұлының қажырлы еңбегінің көрінісі.

Ол қазақтың атын асқақтату жолында барын салды.  Сол үшін айтар алғысым шексіз. Елдің жүгін мойынға алу оңай емес, ал оны абыроймен алып жүру өте қиын. Дейтұрғанмен,Елбасы бұл үдеден шыға білді. Сонысымен өзіне тән сара жолын салды. Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! халықпен бірге болып, "тар жол тайғақ кешуде" ұлтты өрге сүйрегеніңіз үшін рақмет! Тағы да қос мереке құтты да қайырлы болсын!"- деп барлық этнос өкілдері атынан  тілегін жеткізді.

Анар САБЫРОВА

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x