Текелі қаласы. "Жұмыспен қамту бағдарламасы" аясында 13 жоба жүзеге асуда

Dalanews 23 мау. 2020 09:28 150

Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 977 жоба іске асырылады деп жоспарланған. Соның 13-і Текелі қаласына тиесілі.

Бағдарлама арқылы тек аймақтың ажары кіріп қана қоймай халықта жұмыспен қамтылады. Мәселен, Текеліде 78 адам еңбекке тартылған. Оның ішінде 13-і жол құрылысының басы-қасында.

Жақында қала көшелері  мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар қалпына келтірілмек.



Құрылыс жұмыстары қыза түскен. Қонаев көшесінің бойымен темір жол өткелінен қаланың кіреберісі және Қонаевтан Күншығыс көшесіне дейінгі жолда жаңа арық науалары салынып, жаяу жүргіншілер жолының қаңқасы қалануда. Сондай-ақ, Орақты батыр, Жансүгіров, әл-Фараби көшелерінің жиегіне арық жүйелері төселуде. Жауапты мердігер – «Нұр-Шапағат құрылыс» ЖШС. Жаяу жүргіншілерге арналған жаңа жолдар мен арық жүйелерінің игілігін көретін күн де алыс емес.

Бұдан бөлек Текеліде ойын алаңдарының әрқайсысына жеке жоба қарастырылып барлығы 22 алаң салынады.


Бүгінде алаңдардың орнын дайындау жұмыстары жүргізілуде: құрылысшылар құм сеуіп, тас төсеніштерді орнықтыруда. Ғарышкерлер көшесі, 5 мекенжайында ауданы 331 м2 болатын алаңның жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Мұнда арнайы жұмсақ жабын төселіп, әткеншек, құмсалғыш, орындық сынды заман талабына сай ойын құрылғылары орнатылады.

 Анар САБЫРОВА

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x