Back
| DalaNews

Алматы облысында 7 спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі (видео)

Елімізде саламатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе, Алматы облысында Елбасының 100 спорттық нысан салу бастамасы аясында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мәселен, тек биылдың өзінде өңірде 7 жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені қолданысқа беріледі. Құрылыс жұмыстары Райымбек, Ескелді, Балқаш, Көксу, Ұйғыр, Қарасай және Ақсу аудандарында атқарылуда. Аталған алтауы күзде үлестірілмек.

Таяуда қолданысқа берілетін теңдессіз нысандардың жалпы ауданы 29,5 мың шаршы метр. Ал, құрылыс нысандарының жалпы құны 8 миллиард теңге.

Жалпы, құрылысы басталған нысандардың төртеуі «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынып жатыр. Бұл ретте қазір ауыл жастарының спортпен шұғылдануына айрықша мән беріліп отырғанын айта кеткен жөн. Мәселен, Алматы облысында 408 мыңнан астам жас болса, соның 320 мыңға жуығы ауылдық жерлерде тұрады.

Алматы облысында спорттағы сайыпқырандарын, болашақ чемпиондарды қолдауды үзген емес. Оған дәлел тағы бір бастама. «Жұмыспен қамтудың жол картасы».

Аясында ағымдағы жылы 6 спорттық ғимарат жаңа кейіпке енеді. Еңбекшіқазақ ауданы мен Талдықорған қаласындағы нысандарға күрделі, ал, ағымдағы жөндеу жұмысы Ескелді, Кербұлақ, Іле ауданында атқарылады. Бұларда өз кезегінде ауыл жастарын қолдауға бағытталған. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.

Облыс басшылығының қолдауымен 2022 жылы 17 аудан мен 3 қала толықтай жаңа спорттық-сауықтыру кешендерімен қамтылады.

Дереккөз: Abai.kz