Алматы облысы Көксу ауданында 400-ге жуық адам жұмысқа орналасады

Dalanews 09 мау. 2020 06:12 191

Алматы облысы Көксу ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жүрдек жүріп жатыр. Осы бағдарламасы аясында бірқатар нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, оған жергілікті тұрғындар жұмысқа алынады.




Айталық аудандағы дәрігерлерлік амбулатория көптен жөндеу көрмеген еді. Тұрғындарға тиісті медициналық көмек көрсететін нысанның жөндеу жұмысына 121 млн теңге қаражат бөлінген.

Қолданысқа берілгеннен кейін медициналық пунктіге ем-дом жасауға қажетті құрал-жабдықтар сатып алынады.



Бұдан бөлек ауданға қарасты Қызылтоған ауылында салынып жатқан 120 орындық орта мектептің құрылысы аяқталып, осы оқу жолында ашылғалы отыр.

Бұдан бөлек Айнабұлақ ауылындағы негізгі көшеге тас жол төселеді. Бұл мақсатқа 19 млн. теңге қаржы қарастырылған. Ауылдағы Мәдениет үйінің жанынан фельшерлі акушерлі пункт ашылады. Күніне 20 тұрғынға медициналық көмек көрсететін орталықтың құрылыс жұмысына 181 млн теңге қаржы бөлінген.



«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандағы 5 мектепке күрделі жөндеу жүргізілуде. Олардың ішінде Жамбыл орта мектебінің, Тамшыбай ауылындағы спорт алаңын аббаттандыру, Қабан Жырау атындағы орта мектептің спорт алаңын ағымды жөндеуден өткізу және 10 жылдық Қазақстан ауылындағы шағын футбол, волейбол алаңын жайластыру мен Алғабас ауылындағы 1989 жылы салынған орта мектепті орташа жөндеуден өткізу жоспарда бар.

Көксу ауданы әкімінің орынбасары Дәулет Кенжеханұлының айтуынша аудан басшылығы карантин уақытында жұмыссыз қалған тұрғындарға қол ұшын созуда.



Жалпы алғанда Көксу ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы негізінде барлығы 26 жоба іске асырылып, 400-ге жуық адам жұмысқа орналаспақ.

Анар САБЫРОВА


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x