Біртанов коронавируспен күресіп жатқан ШҚО дәрігерлерін марапаттады

Dalanews 16 мам. 2020 09:39 217

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Шығыс Қазақстанның медицина қызметкерлерін марапаттады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Шығыс Қазақстан облысының медицина қызметкерлеріне COVID-19 дертімен қарсы күресте белсенді қатысқандары үшін медальдар мен алғыс хаттар табыс етті.



"Бүгін Өскемендік әріптестерімізге пандемиямен күресте танытқан ерліктері бен қажырлы еңбектеріне алғыс білдіреміз. Мемлекет басшысы айтқандай, пандемия әлі толықтай аяқталған жоқ.

Дегенмен, біраз әлсіреп, біз де аймақтарға шығып, әріптестеріміздің еңбегін атап өтіп, кездесу мүмкіндігіне ие болдық.


Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында коронавирус деңгейі айтарлықтай төмен, бұл облыс дәрігерлерінің еңбегі", - деді Елжан Біртанов өз сөзінде.



Шығыс Қазақстан облысында коронавируспен күрес жолдары әлі жалғасып келеді. Өңір дәрігерлері оперативті түрде еңбек етіп, тәулік бойы кезекшілікте.

Еңбектерінің еленіп, алғысқа ие болулары бойларына қуат бермек. Осы ретте, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі аймақтық физиопульмологиялық орталығының анестезиолог-реаниматологы Оралбек Әбілмәжіновке берілді. Аталмыш орталықтың медбикесі Назым Игисинова мен Ана мен бала орталығының мейірбикесі Сабира Сексенбаева Министрліктің алғыс хатына ие болды.



- Екі ай бұрын фтизиопульмонологиялық орталықта карантин бөлімі ашылды, мен осы бөлімде жұмыс істедім. Менің барлық әріптестерім дертпен күресте жоғары белсенділік танытып келеді. Жұмыс әлі жалғасуда, - деді марапат иесі Оралбек Әбілмәжінов.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x