Билет құны - 8 мың теңге. Талдықорған - Үшарал әуе рейсі іске қосылды

Dalanews 14 мам. 2020 09:25 301

 "Жетісу" әуекомпаниясы" АҚ кестесіне сәйкес бүгін Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағытындағы ұшу рейсінің маусымы басталды.

Алғашқы рейсте Л-410 УВП-Е20 ұшағындағы ұшқан жолаушылар Алакөл ауданына қарасты "Үшарал" әуежайына келіп қонды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі карантин режиміне байланысты әуежайда санитарлық талаптар, бетперде режимі қатаң сақталған. Мұнда барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Алакөл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері тарапынан ұшып келген жолаушылардың дене қызулары тепловизормен өлшеніп, анкета толтырылады.

Бүгінгі күнге Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағытындағы ұшақтар күнделікті сағат 10.00-11.00, 10.30-11.30-да қатынайды. Билет құны 8.000 теңге.


Ал, Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр - Сұлтан және Алматы – Үшарал - Алматы бағыттарындағы әуе рейстері биылғы жылдың 20 мамырынан бастап ұшады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x