Эвакуацияланған Мақтаарал халқына 1000 доллардан үлестірілуде

Dalanews 11 мам. 2020 13:11 265

Бұл қаражат эвакуацияланған 5 202 отбасының жеке шотына түседі.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентінде ауыл тұрғындарымен кездесті.

Онда эвакуацияланған мақтааралдықтардың алғашқы легі Әлішер Усмановтың қорынан бөлінген қор қаражатының сертификатын алды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл қаражат эвакуацияланған 5 202 отбасының жеке шотына түседі. Қазіргі уақытта қаражат алатын барлық азаматтардың құжаттары қабылданып жатыр. Құжаттар толық жиналған кезде, әр отбасы өздеріне тиесілі қаржыны ала алады.

Ресей кәсіпкері Әлішер Усманов су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданының эвакуацияланған тұрғындары үшін "Түркістан" әлеуметтік даму корпоративтік қорына 5,2 млн. АҚШ долларын аударған болатын.


Бұл - 2,3 млрд теңге, 30 420 адамды құрайтын 5 202 отбасының әрқайсына 422 мың теңгеден (1000 АҚШ доллары) үлестіріледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x