Жетісуда коронавирустан жазылғандар саны 70-ке жетті

Dalanews 11 мам. 2020 11:36 243

Бүгін Алматы облысында тағы 7 адам коронавирустан жазылып шықты. Олар – Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарының тұрғындары, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Олардың барлығы 23 сәуірден бері Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасында тиісті ем қабылдаған. Қазір барлығының жағдайы жақсы.

Сонымен Алматы облысында COVID-19 инфекциясынан айығып шыққандар саны 70-ке жетті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x