Ресейден 102 жетісулық студент оралды

Dalanews 10 мам. 2020 11:33 311

Бүгін Ресейдің түрлі жоғары оқу орындарында оқитын жетісулық 102  студент Томск қаласы арқылы Алматы әуежайына оралды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Елге оралған студенттер 2 автобуспен Қапшағай маңындағы демалыс орнына жеткізіліп, орналастырылды. Олар екі күн карантинде болады. Оларға демалыс орны аумағынан сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Студенттер бірінші кезектегі қажеттіліктермен толық қамтамасыз етіледі.

Бұл орында карантин талаптары мен санитарлық-дезинфекциялық шаралардың қатаң сақталуын тиісті сала мамандары бақылайтын болады. Демалыс орнына кіреберісте полиция посты орнатылған. Студенттердің барлығы КВИ-ге тест тапсырды. Қорытындысы шыққаннан кейін олар тұрғылықты жерлеріне таратылатын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x