Павлодарлық өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Dalanews 11 мам. 2020 09:52 270

6 мамыр күні сағат 12:06-да Ертіс ауданына қарасты №9 өрт сөндіру бөлімінің кезекшісіне аудан орталығындағы үйдің қорасы мен былтырдан қалған шөп жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнынан жеткен № 9 өрт сөндіру бөілімінің кезекші ауысымы газды блоктардан салынған қораның шатыры мен ағаш құрамалары, басқа да шаруашылық жайлар, былтырдан қалған бір тонна шөп пен бір тонна астық жанып  жатқанын анықтады. Өрттің жалпы аумағы 120 шаршы метрді құрады.

Өртті барлау барысында бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты Сапарғалиев Елубай әрқайсысыынң сыйымдылығы 27 литрді құрайтын үш бірдей газ баллонын тауып алды. Өрт сөндіруші әбжіл қимылдап, баллондарды өрт аумағынан алып шығып, олардың жароылуының алдын алды.


Өрт сағат 12:45-те ауыздықталып, бір сағаттан соң толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында газ баллондардың жарылуына жол берілмей, өрт тез арада сөндірілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x