Елордада 500 мың маска таратылды

Dalanews 23 сәу. 2020 12:51 191

Нұр Сұлтан қаласында еріктілер жарты миллионнан астам медициналық маска таратты Қалалық жастар саясаты басқармасының еріктілер штабы «Жас Отан» жастар қанатының волонтерлерволонтерлермен бірге азық-түлік-себеттері мен гигиена заттарын (медициналық маскалар, антисептиктер) таратуды жалғастыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінге дейін олар мұқтаж отбасыларға қажетті тауарлармен бірге 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты.

Қазірдің өзінде 500 мың маска таратылды.  Nur Otan партиясының қолдауымен #бізбіргеміз акциясының екінші толқыны аясында қалаға 2 миллион маска әкелініп, оның үштен бірі таратылды.

– Еріктілер қызметіне ақы төленеді деген қате пікір бар. Бұл «волонтер», яғни, ерікті ұғымын түбегейлі теріске шығарады. Ерікті – қоғамға пайдалы қызметпен ақысыз айналысатын адам, – деп атап өтті қалалық жастар саясаты басқармасында.


Хабарланғандай, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мұқтаж жандарға: Нұр-Сұлтан мен Алматыда жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және аз қамтылған көп балалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін қаражат бөлінді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x