Алматы облысында дәрігерлердің еңбек жағдайы ерекше бақылауға алынды

Dalanews 21 сәу. 2020 07:47 235

 Алматы облысында коронавирустың таралуын тежеу мақсатында бірқатар ережелер жаңарылды.




Жаңа өзгеріске сәйкес, жергілікті округ әкімдері,  облыстық полиция департаменті індет анықталған аумақты полиция және әскери қызметкерлерді тарта отырып қорғауға міндетті.

Сонымен қатар, кеселмен үздіксіз күресіп жатқан ақ халаттыларды, тұрғындардан, отбасынан оқшаулап, оларға қолайлы жағдай жасау қарастырылған.


Олардың стационардан бөлек, тұрып жатқан орындарында бір бөлмеге 1 немесе 2 адамнан артық орналастыруға болмайтыны туралы қаулы қабылданды.

Сондай-ақ жаңа қаулыдағы өзгерістер бойынша,  медицина қызметкерлерін жұмыс орны мен тұратын жерінен тасымалдауға арнайы көлік бөлінеді. Көлік жүргізушісі өз кезегінде арнайы тексерістен өтіп тұрады.

Бұдан былай көлік қозғалысы да бәсеңдейді. Жұмыстан берілген арнайы анықтама болса, мемлекеттік тіркеуді растайтын куәлігі бар тұлғалар мен шаруашылықпен айналысатын жеке тұлғаларға ғана көлікпен қатынауға рұқсат етілген.

Қала ішіндегі қоғамдық көліктер болса, жұмысын уақытша тоқтатады. Ал, еліміздегі екінші деңгейлі банктер мен ақша айырбастау орындары онлайн жұмыс режиміне көшкен. Және де «тұтынушыларға жеткізу» қызметін ұсыну арқылы жұмыс жасайды.

Аталған қаулының орындалуын  Алматы облысының  мемлекеттік бас санитарлық дәрігері  Қайрат Баймұхамбетов қадағалайтын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x