Түркістан облысында COVID-19 инфекциясынан жазылғандар саны 13-ке жетті

Dalanews 20 сәу. 2020 17:13 121

Түркістан облысында COVID-19  инфекциясынан жазылғандар саны тағы екі адаммен толықты.

Жетісай ауданының 1984 ж. тұрғыны мен Сарыағаш ауданы, Еңкелес ауылдық округінің 1998 ж. тұрғыны коронавирус індетінен толық айықты.

Жалпы 20 сәуірдегі соңғы ақпараттарға сәйкес, Түркістан облысы бойынша дерттен айыққан азаматтар саны 13-ке жетті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x