Шығыс Қазақстанда коронавирустың таралуына тосқауыл қойылуда

Dalanews 18 сәу. 2020 11:22 175

ШҚО-да коронавирустың таралуына жол бермеу үшін, кезекші полиция қызметкерлері тепловизормен қамтылды.


Олар көшеде азаматтардың дене қызуын өлшейтін болады. Облыс бойынша осындай 5000 құрылғы алынған болатын.


Ал Семей қаласындағы кезекші полиция қызметкерлері 468 тепловизлермен қамтылып, тұрғындардың дене қызуын өлшеп,  тәртіптің сақталуын қадағалауда.


Шаһар басшысы «аталған құрылғының халықтың денінің саулығы үшін жасалып жатқан шара екендігін және індеттің таралмауына  барлық адамдар жауапты екенін» жеткізді Ермак Сәлімов.


Жаһанды жайлаған Індеттің құрығына ілінбес үшін, сақтық шаралары ауадай қажет.



Осы ретте қаламыздағы шектеу шараларына байланысты қалалықтардың төл құжатын, рұқсат қағазын тексеріп жүрген полиция капитаны «тұрғындар дене қызуын тексеруіне еш қарсылық білдірмей түсіністік тануда» дейді Айсұлу Баймадиева.


Ал егерде қалалықтардың құрылғымен тексерген кезде  дене қызуы 37 градустан жоғары болса, жедел жәрдем көлігін шақыртып, тұрғынды емханаға жеткізеді.


Айта кетелік ШҚО коронавирус тіркелген өңірлер арасында ең төменгі көрсеткішке ие аймақтың бірі. Облыста қауіпті инфекция жұқтырған 8 адам анықталған.


Қуаныш РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ,


Семей қаласы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x