Сарыөзек ауылы карантинге жабылады

Dalanews 18 сәу. 2020 09:01 367

Карантин тәртібін бұзған тұлғалар ҚР заңнамасына сай әкімшілік жазаға тартылады.

Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылы 18 сәуірде сағат 00:00-ден бастап, 1 мамырға дейін карантинге жабылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Сарыөзек ауылында карантин расталған коронавирус жұқтыру жағдайлары тіркелуі себепті және қауіпті инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында енгізіледі.

Облыстың бас санитарлық дәрігері Сарыөзек ауылы мен барша Кербұлақ ауданы бойынша қозғалысты шектеу және санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейту туралы қаулы қабылдады.

Сарыөзек ауылының тұрғындарына аса қажет жағдайлар, азық-түлік пен дәрі-дәрмек алудан басқа мақсатпен үйден шығуына тыйым салынады, бірақ ондай жағдайда әр үйден бір адам ғана сыртқа шыға алады.


Карантин тәртібін бұзған тұлғалар ҚР заңнамасына сай әкімшілік жазаға тартылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x