Семей қаласының мемлекеттік архивіне 100 жыл толды

Dalanews 16 сәу. 2020 14:03 390

Қазақстандағы ең көне архивтердің бірі, бүгінгі таңда «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» деп аталатын Семей қаласының мемлекеттік архивіне 100 жыл толды.

Бүгінде архивте 2471 мұрағаттық қор, 1798-2018 жылдар аралығында жинақталған 634 615 қағаз құжат, 8 090 фотоқұжат, 161 бейнетаспа, 1 196 киноқұжаттар, ұзын саны 2 047 жететін ғылыми-техникалық құжаттар және 5022 жеке құжаттар қоры сақталуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz.



– Қорымыздағы мыңдаған құжаттарды қараған адам өлкеміздің әлеуметтік тұрғыдан қалыптасу тарихы өте бай екеніне көз жеткізеді.

Біздегі құжаттармен танысқан ізденушілер қазақ даласын қамтыған әйгілі Түрксіб темір жолы құрылысы, «Шығыс сақинасы», Ертіс бойындағы алып өнеркәсіптердің бірі ет комбинаты жайында мол мағұлматтар алуына болады.

Ал Ұлы Отан соғысы кезінде құжаттарға көз салсаңыз, күні-түні бел жазбай еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің Отанға деген сүйіспеншілігіне тәнті болары сөзсіз, – дейді ШҚО «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» директоры.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]Архивтен 1905 жылдары жарық көрген газеттер мен басылымдарды кездестіруге болады.

Атап айтсақ, 1918 жылғы «Известия», 1905 жылғы «Вечерняя почта», 1917 жылығы «Воля народа» және 1918 жылы жарық көрген «Трудовое знамя» сынды басылымдардың тігінділерімен таныса алады.[/perfectpullquote]

– Бұрындары архив құжаттарының көпшілігіне ізденушілерді қолы жете бермеуші еді. Мұндай құжаттарға – мемлекеттік билік, бірқатар мекемелер мен партия құжаттары жататын. Соңғы жылдары архив қызметкерлері үлкен жұмыстар атқарып, аталған қорларға қойылған шектеулерді алды. Осылайша жұрттың құпия мөрі ұрылған 11168 құжатпен танысуға мүмкіндік алды, – деді ШҚО Семей қаласындағы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының» бөлім басшысы Лаура Қадырова.

Бүгінде Семей қаласындағы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығында» ақпарттық технологиялар бөлімі ашылып, мамандар архив құжаттарын электронды жүйегі көшіріп жатқанын айта кетуіміз керек.

Архившілер, өзінің 100-жылдық мерейтойын тойлай отырып, өздерінің табыстарымен, халықтың тарихи естелігі болып табылатын мемлекеттік маңызы бар құжаттарды сақтауға ат салысып, архив ісінде қалқысыз қызмет ететін біліктілігі мен шеберлігі жоғары мамандарын мақтан тұтады.



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x