Павлодарда дәрігерлер сыйақы алды

Dalanews 21 нау. 2020 10:20 216

Павлодардың эпидемияға қарсы іс-шараларға атсалысып жүрген медицина қызметкерлеріне сыйақы беріледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

Екі апта бойы күшейтілген режимде жұмыс істеген 500-ге жуық медицина қызметкері Наурыз мейрамы қарсаңында сыйақы алды.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда эпидемиологиялық тәртіпті сақтауға атсалысып жүрген медицина қызметкерлерін материалдық түрде ынталандыруды тапсырған болатын.

Коронавирусқа қарсы өткізілетін іс-шараларға тікелей қатысып жүрген мамандарға сыйақы беру үшін облыс әкімдігінің резервінен 91,2 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. 490 медицина қызметкеріне сыйақы берілетін болды.


Павлодар облысы әкімдігінде өткен аппараттық кеңес барысында өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайына назар аударды. Ол жергілікті жерлерде медициналық қызметкерлерге барынша көмек көрсетуді, олардың қалыпты демалуына жағдай жасауды және олардың физикалық және психологиялық жағдайын бақылауды талап етті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x