Алматы облысындағы бірқатар демалыс кешені жұмысын тоқтатты

Dalanews 18 нау. 2020 06:44 581

Көршілес мемлекеттен тараған коронавирустың кесірі тиюі толастамай тұр. Ұлттың тыныштығын алған пандемияның пенде атаулыны дүрбелеңге салғаны рас. Денсаулығына алаңдаған жұрт пен жұмысы тоқыраған елдің жағдайы бүгінде күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа үндеуінде  төтенше жағдай жариялап отыз күн бойына осы жағдай сақталатынын айтқан болатын. Сондай-ақ, үлкен сауда үйлері, ойын-сауық кешендері, кинотеатрлар, театрлар сынды бірқатар нысандардың жұмысын елдің бас амандығы үшін жұмысын уақытша тоқтатқаны белгілі. Бұл тізімге туристік орталықтар да енгені белгілі.

Елді есеңгіреткен індетке шалдыққандар саны артқан кезде мұндай шешім қабылдау да қажет. Өйткені, көптің аяғы арылмайтын аумақта кесел кезіп жүруі мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің бизнес өкілдерінің ісіне ойда жоқта жетіп келген инфекцияның кесірі тимеуі тиіс, олардың кәсібінің жүруіне кедергі болмауы керек деген сөзі қайда қалды дерсіз. Орынды сауал.

Жер әсемі Жетісу өлкесінде табиғаты көз тартатын қандай демалыс орындары жұмысын тоқтатты деген сұрақ көкейде тұрғаны анық. Енді соған жауап беріп көрелік.

[caption id="attachment_51507" align="aligncenter" width="693"] Ұйғыр ауданына қарасты «Ыстық су» демалыс орны[/caption]

Алматы облысында туристердің назарына іліккен 162 аймақ бар. Оның ішінде демалыс кешендерінің елге белгілісі саусақпен санарлық. Мәселен, туристік кешендердің ішінде  «8 өзен» мен «Ақбұлақ», «Ой-Қарағай» демалушыларды қабылдауды кейінге шегерсе, Табаған, Қарасай ауданында орналсқан Home club және Aul resort сынды нысандардың демалушыларға есігі ашық.

Жұмысын уақытша тоқтақандардың қатарында  Ұйғыр ауданына қарасты «Ыстық су» демалыс орны да бар. Сонымен қатар, Талғар ауданындағы «Айба» демалыс үйі, Ескелді ауданындағы «Қаратал» шипажайы келушілерді біраз уақыт қарсалмайды. Бұл санатқа ұлттық парктер мен музейлерде жатады.

Ал, төмендегі көрсетілген туристік жерлер қызмет көрсетуін жалғасытра бермек.

 Талғар ауданындағы «Be fine»,  «Фелис»  «Золотой фазан» «Тау Талғар» «Рейкьявик»,  Қарасай ауданында орын тепкен «Ақ отау», «Ақниет» «Керуен сарай» , «Таз сервис», «Элит»,  Жамбыл ауданындағы «Ұзын ағаш»,  Қапшағай қаласында орналасқан «Виктория» демалыс нысандары және қонақ үйлері,   Жазиралы Жаркенттегі «Жаркент Арасан», «Керім ағаш» шипажайлары елге қызмет ете береді.  Ресми ақпаратты Алматы облысы бойынша туризм басқармасы мәлімдеді. 


Облыстық туризм басқармасының ақпаратына сүйенсек, олар өздері мемлекет басшысының тапсырамсын орындау мақсатында кәсіп иелеріне  елдегі болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, қызмет көрсетуді белгіленген мерзімге дейін тоқатату туралы ұсыныс жасаған екен.  Басқарманың бастамасын қолдаған бизнесмендер ғана жұмысты доғарған. Ал, өзгеде тынығу орындары туристерді қабылдауды жалғастыруда.

[caption id="attachment_51516" align="aligncenter" width="684"] Алматы облысы бойынша туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева[/caption]

– Қазіргі кезде қызмет етіп жатқан орындардың иелері қонақтарға вирустан сақтануға бар жағдай жасап, бетперде және антисептикатарды тегін таратуда. Біз олардың жауапкершіліктеріне сенім артып отырмыз. Қос бірдей алып шаһар Алматы мен Нұр-Сұлтанға  қатынауға тыйым салынғаннан кейін демалыс кешеніне келушілердің саны азайып жатыр. Сол себепті бұл аймақта індет тарайды деген қауіп жоқ, – дейді Алматы облысы бойынша туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева.

Дертке дауа, емге шипа іздеп демалуға барғанда басымызға бәле тілеп алмайық. «Сұрап алған ауырудың емі жоқ» демекші сақтық шараларын басты назарға алған абзал.

Анар САБЫРОВА,


Алматы облысы 




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x