Талдықорғанда әлемдік деңгейдегі Олимпиада бассейні ашылады

Dalanews 11 нау. 2020 11:21 197

Облыс орталығының оңтүстік-батыс тұрғын ауданында жабық бассейін бой көтереді. Бұдан ары қала тұрғындары кәсіби тұрғыда жүзумен айналысады.

Бұл нысан Қазақстан былай тұрсын Азия құрлығында баламасы жоқ,  Халықаралық талаптарға сай спорт кешені құрлысы өткен жылдың  көктем айында  басталған. Жоспар бойынша ел игілігіне ағымдағы жылдың аяғында берілмек. Жұмыс сәтімен аяқталып, бассейін іске қосылса, әлем деңгейіндегі жарыстар ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар су спортының бірнеше түрі дамып, жергілікті жастар арасында Олимпиада жүлдегерлері шығады деп күтілуде.

Ғимараттың құрылыс жұмыстарын жүргізуге Талдықорған қаласы әкімдігінен аумағы 3,8 га құрайтын жер бөлінген. Қазір бұл аймақ үлкен құрылыс алаңына айналған.


Спорт нысанының бой көтеруіне жауапты "Базис Констракшин" серіктестігі. Мердігер компания бұған дейін "Алматы-Арена", Нұрлы-тау бизнес орталықтарын салған. Зәулім су бассейіні келешекте  Талдықоранның ғана емес бүкіл Қазақстан халқының мақтанышына айналады

Жалпы жоба құны - 11,0 млрд. теңгені құрайды. Бассейннің сыртқы көрінсі балық силуэтіне ұқсайды. Нысанның жалпы ауданы 13069,88 мың шаршы метрден тұрады. Барлығы 570 орындыққа арналған.

Жоспарға сәйкес, нысанның  2 қабаты және жертөлесі бар.  2 халықаралық стандартқа сай бассейн болады.  Біріншісінің  ені 25, ұзындығы 52 метрге созылмақ. Ол  суға жүзу жарысына негізделген. Ал, екіншінде  5-тен 10 метрлік биіктіктен  атлеттер суға секіріп, үздіктерін анықтамақ. Сонымен қатар  әуесқойлар мен балаларға арналған бассейн де қарастырылған. Үстіңгі қабатта 7 спорт зал болады.

Аталған кешенде  спорттық құрылымдардан өзге асхана, жаттығу залы болады. Яғни спортшыға қажет барлық жағдай қарастырылған. Жобаны әзірлеу кезінде оның көп функциялығына, ыңғайлығына да, эстетикалық келбетіне де көп көңіл бөлінген.


Бүгінде құрылыс жұмыстарының 70 пайызы аяқталған. Кешеннің салынуына пайдаланылып жатқан материалдар - отандық өнімдер.  Суда жүзу орны қолданысқа берілгеннен кейін,  тұрғындар осы нысанда бос уақыттарын өткізіп, ауқымды спорттық сайыстарды тамашалауға мүмкіндік туады.

Айта кетейік, спорт кешені қолданысқа берілер болса, суға жүзу мен қатар  ватербол яғни су добы,  үйлескен судағы би  түрлері дами түседі. Тағы бір тиімділігі көптеген жұмыс орны ашылып, білікті мамандар тартылмақ.

Анар САБЫРОВА




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x