Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Dalanews 05 ақп. 2020 16:11 146

Есімханов Сұңғат Қуатұлы Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі лауазымында қызмет етті.

Сұңғат Есімханов 1973 жылғы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген. 1996 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, 2007 жылы «Болашақ» Қарағанды өзекті білім беру институтын тәмамдады.

Есімханов Сұңғат еңбек жолын 1996 жылы «Қазақстан алюминийі» АҚ-ың гидрометалуригиялық цехында инженер болып бастады. Кәсіпорында төрт жыл еңбек еткеннен кейін ол мемлекеттік қызметке ауысты.

2001-2007 жылдары С. Есімханов табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жүйесінде лауазымды қызмет атқарды, оның ішінде, Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Маңғыстау және Қарағанды облыстарындағы департаменттерін басқарды.

2007-2008 жж. «Игілік групп-ХХI» ЖШС-де (Қарағанды қ.) қаржылық директор лауазымы қызметінде еңбек етті.

2008 жылы Есімханов «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» РМК-ы директорының орынбасары болып тағайындалды. Осы жылдан бастап 2010-шы жылға дейін Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жетекшілік етті.

Бұдан соң, үш жыл бойы ол «Қазақэнергиясараптама» АҚ-ын басқарды.

2013-2014 жылдары  ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі атом және энергетика өнеркәсібі Комитетінің төрағасы, 2014-2018 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің атомдық  және энергетикалық қадағалау және бақылау Комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарды. 2018 жылы Есімханов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» и «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдерімен марапатталған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x