Күршімде көпір салынатын болды

Dalanews 05 ақп. 2020 09:48 341

Өскеменге дейінгі айналма жол 800 шақырымға жетеді. Егер көпір салынса арақашықтық 4 есе қысқарады.

Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданының жарты ғасырдан бері көтеріп келе жатқан мәселесі оң шешімін табатын болды. Мемлекет басшысының тапсырмасынан соң биыл Бұқтырма су қоймасының үстінен көпір құрылысы басталады, деп хабарлайды "Хабар-24".

Жуық арада байқау арқылы құрылыс жүргізетін мердігер компания анықталмақ. Әзірге күршімдіктер жазда ескі паромдармен, ал қыста мұз үстімен қатынауға мәжбүр.

Өскеменге дейінгі айналма жол 800 шақырымға жетеді. Егер көпір салынса арақашықтық 4 есе қысқарады. Жобаның жалпы құны 30 миллиард теңгеден асады. Облыстық бюджеттен әзірге 500 миллион теңге бөлінді. Қалғаны мемлекет қазынасынан берілмек. Жоспар бойынша көпір 3 жыл ішінде салынып бітуі тиіс.

Нұржан Жұмаділов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Биыл Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бұқтырма өзенінен көпір салу мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта біз министрлікке, автомобиль жолдары комитетіне осы жобаны қаржыландыру жөнінде ұсыныс бердік, барлық құжаттарды тапсырдық. Қазіргі уақытта бюджетті нақтылау кезінде көпірді салуға ақша бөлінеді деп сеніп отырмыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x